БАҚ ҚОЛДАУ ҚОРЫ

слайд услуги
ТЕСТОВЫЙ СЛАЙД
слайд услуги
ТЕСТОВЫЙ СЛАЙД

Медиамектеп – «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС жанындағы медиа саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша кәсіби алаң.

Орталықтың миссиясы – білім беру бағдарламалары мен жобалар арқылы білікті медиа-қоғамдастықты қалыптастыру.

Орталық қызметінің міндеттері:

  • медиабілімнен медиасауаттылыққа «Жаңаша медиа-ойлау» қалыптастыру үшін жағдай жасау
  • медиа саласындағы сараптамалық пікірді анықтау және білікті қоғамдастықты құру
  • медиа саласындағы халықаралық және отандық тәжірибемен алмасу және тарату
  • медиа саласындағы білім беру стандарттарын жақсартуға жәрдемдесу
  • ұлттық сыйлықтар, конференциялар, көрмелер, шеберлік сыныптары, дәрістер, арнайы жобалар форматтарындағы ашық коммуникативтік алаңдарды құру және ұйымдастыру.

Білім беру қызметтері — АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру – қосымша кәсіби білім бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды, сондай-ақ сертификат беретін курс негізіндегі БАҚ саласындағы арнайы «авторлық) бағдарламаларды әзірлеу; кәсіби бағдарланған семинарлар, мастер-класстар, БАҚ қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлау мақсатындағы тренингтер негізінде БАҚ саласындағы мамандандырылған (авторлық) бағдарламаларды әзірлеуді қамтиды;

Халықаралық ынтымақтастық және коммуникация — медиа және білім берудің түрлі саласындағы мемлекет қайраткерлерін, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандарды біріктіретін коммуникативті-мотивациялық алаңдар мен кәсіби желілік қоғамдастықтарды құру.

Салалық іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру.

Media Talks — медиа саланың үздік сарапшыларының басын қосатын коммуникативті-мотивациялық алаң. Зияткерлік конференцияның миссиясы спикерлердің жинақталған кәсіби тәжірибесін тарату мақсатында БАҚ саласындағы бірегей идеялары мен «success story» таралуынан тұрады.

Медиалекторий — бұл лектордың жинақталған тәжірибесін тыңдарманмен алмасу мақсатындағы ашық коммуникативті-мотивациялық алаң. Жоба лекторлары: саяси қайраткерлер, медиаиндустрияның кәсіби мамандары, белгілі ғалымдар, жазушылар, публицистер, белсенді өмірлік ұстанымы бар жанашыр азаматтар. Медиалекторийдің негізгі міндеті: спикердің кәсіби тәжірибесін тарату, кәсіби бағдарланған/кәсіби қоғамдастықты құру және нығайту.

«Дипломатиялық медиаклуб» — бұл Қазақстан Республикасында бар дипломатиялық өкілдіктер мен олардың баспасөз қызметтерінің медиажобаларды іске асыру және ынтымақтастықты дамытуға арналған коммуникативтік алаң.

БАҚ қолдау қоры

АНЫҚТАП ҚАРАУ

Виртуалды 3D-тур

АШУ