ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сандық форматтағы халықтық аспаптар

2020 жылғы 26 ақпанда «Қазмедиа орталығы» ЖШС мен Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы арасында «Ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды.
Осы жылдың ақпан айынан бастап «Қазмедиа Орталығы» телерадиокешенінің көп форматты үлкен дыбыс жазу студиясында Нұр-Сұлтан Әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы оркестрінің дыбыс жазуы жүргізілді. Дыбыс жазу қорытындысы бойынша CD-дискілерде халық шығармаларының жинақтары шығарылады.
«2020 жылдың басында үлкен дыбыс жазу студиясы көп форматты медиа павильонға айналды, бұл студия теледидарлық бағдарламаларды түсіруге және үлкен аспаптық оркестрдің дыбысын жазуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Мәскеу филармониясымен ынтымақтастық аясында 1 аптада 40-тан астам шығарма жазылды, оның ішіндегі 20 күй Қорқыт, Асан Қайғы, Құрманғазы, Махамбет Өтемісұлы, Дина Нұрпейісова сияқты композиторлардың шығармалары. Сонымен қатар, филармония оркестрінің 100 аспабының дыбысы бір уақытта жазылды. Айдың аяғында «Қорқыт» музыкалық этно-ансамблінің орындауында тағы 75 туынды жазуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл жобаның халық музыкасын насихаттауға және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға ықпал ететініне сенеміз», – деді телерадиокешенінің Бас директоры Ләззат Жүнісова.

Қосымша ақпарат:
1997 жылы Ақмола облыстық филармониясының негізінде Нұр-Сұлтан Әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы құрылды. Бүгінгі таңда Елордалық филармония 13 шығармашылық топ жұмыс істейтін қаладағы жетекші мекемелердің бірі болып табылады.
«Қорқыт» этно-ансамблі ұлттық рекордты 2020 жылы 17 ақпанда орнатты: музыканттар үзіліссіз 75 шығарманы, оның ішінде ұлттық және әлемдік шедеврлерді бірнеше сағат қатарынан жаттап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енгізілді.

7 Қазан 2020

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНДА» ТҰМАУ МЕН ЖРВИ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ТЕГІН ВАКЦИНАЦИЯЛАЙДЫ

Құрметті «Қазмедиа орталығы» Серіктестері мен қызметкерлері! Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйек күндері В.1.046 кеңсесінде «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметкерлері тұмау…

7 Қазан 2020

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫ» – «TKT INTERNATIONAL AWARDS 2020» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ»

Биыл «Қазмедиа орталығы» «TKT INTERNATIONAL AWARDS 2020» халықаралық бәйгесінде бірден екі номинация бойынша жеңіске жетті: «Қазақстандағы жыл жобасы» – телекомпанияларды,…

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі.
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін.

Қабылдауға жазылу үшін телефон

Бас директорға: +7 7172 75 79 07

Бас директордың орынбасарларына:: +7 7172 75 79 39
Обратная связь
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

«Сенім телефоны»

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі кеңесшісі

Лима Диас
+7 701 982 70 56

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің менеджері

Кушумова Аида Жомартовна
+7 775 118 85 90

Виртуалды 3D-тур

АШУ

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!