ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

2020 жылғы 18 ақпанда Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінің отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің 2020 жылға арналған міндеттерін белгіледі.
ИИДМ кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр министрліктің 2020 жылға арналған бірнеше негізгі міндеттерін атады.
Оның айтуынша, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімнің жоспарлы өсуін және барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Роман Скляр биыл 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланғанын атап өтті.
«Құрылыстың өзіндік құнын төмендету үшін стандартты жобаларды белсенді түрде қолдану және жергілікті қамтуды барынша арттыру, жобалау және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау қажет. ЖАО-мен бірге тұрғын үй құрылысының жаппай учаскелерін қажетті инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз етуді түгендеуді, республиканың барлық инфрақұрылымын цифрландыруды жалғастыру қажет», – деді вице-премьер.
Мемлекет жүргізіп жатқан тұрғын үй саясаты мен тұрғын үй мәселесін шешудің ықтимал шешімдері жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аудару керек екендігін қосты.
Көлік саласының дамуы. Роман Скляр «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын ерекше бақылауға алу қажет екенін атап өтті. Контейнер тасымалы көлемін кем дегенде 30%-ға арттыру керек екендігін және Құрық порты мен Иран порттары арасында паром қызметін ашу үшін шаралар қабылдау қажеттігін сөз етті.
Сонымен қатар, Роман Скляр ішкі су жолдарында кеме қатынасын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарын бастауды тапсырды.
Автомобиль көлігі. Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, министрлік ЖАО-мен бірге жеке тасымалдаушыларды тарта отырып, аймақтардағы әлеуметтік маңызды бағыттарды субсидиялау бойынша жұмысты ұйымдастыруы қажет.
Автокөлік жолдардын дамыту. Құрылыс маусымы басталғанға дейін мақсаттарға жету үшін жылдық сұраныстан құрылыс материалдарының кем дегенде 70% сатып алуды қамтамасыз ету қажеттігін Роман Скляр атап өтті.
«Жүйелі негізде жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстаудың талап етілетін сапасын бақылауды қамтамасыз етуді. Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Қарағанды-Балхаш-Алматы, Талдықорған-Өскемен және басқа да жол учаскелерінің арасындағы қозғалысты ашу мәселесін пысықтау керек», – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Ол ИИДМ-ге ЖАО-мен бірге су тасқынына сапалы дайындықты ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ жергілікті жол желілерін қалпына келтіруге тең қаржы бөлуді тапсырды.
Азаматтық авиацияның дамуы. Роман Скляр ашық аспан режимін енгізу үшін шетелдік авиакомпаниялармен жұмысты жалғастыру мен қатар азаматтық авиация саласын реттеу жүйесін еуропалық талаптар мен халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес болу үшін Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігінің мамандарымен жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

29 Қазан 2020

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫ» «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ-ЫН 25 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

«Қазмедиа орталығы» «Хабар» Агенттігі» АҚ-ын 25 жылдығымен құттықтайды! Агенттік ұжымына көрермендер арасында танымалдылыққа қол жеткізуде жаңа жетістіктерді, барлық жоспарланған мақсаттарды…

7 Қазан 2020

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНДА» ТҰМАУ МЕН ЖРВИ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ТЕГІН ВАКЦИНАЦИЯЛАЙДЫ

Құрметті «Қазмедиа орталығы» Серіктестері мен қызметкерлері! Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйек күндері В.1.046 кеңсесінде «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметкерлері тұмау…

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі.
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін.

Қабылдауға жазылу үшін телефон

Бас директорға: +7 7172 75 79 07

Бас директордың орынбасарларына:: +7 7172 75 79 39
Обратная связь
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

«Сенім телефоны»

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі кеңесшісі

Лима Диас
+7 701 982 70 56

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің менеджері

Кушумова Аида Жомартовна
+7 775 118 85 90

Виртуалды 3D-тур

АШУ

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!