ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда үнді экшенінің түсірілімі жалғасуда

“Қазмедиа орталығында” оқиғалы экшн жанрында үнді киносының эпизодын түсірді. Сюжет негізі — бір қыздың тарихы, деп “ҚазАқпарат” ХАА “Хабар 24” агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оның әкесі – Үнді саясаткері, ал анасы Қазақстан азаматы. Түсірілім бірнеше елде жүргізіледі, негізгі желісі Қазақстанда түсірілген. Продюсер олардың фильмінен кейін үнді кинематографтары біздің республиканың жиі қонақтары болатынына сенімді. Өйткені Қазақстан –әдемі, мейірімді адамдары бар және түсірілім үшін керемет локациялары бар ел. “Отты қанаттар” атты фильмнің сюжеті Алматының әдемі қысқы пейзаждары мен Астананың көрікті жерлерінің аясында түсірілген. Басты кейіпкер анасының Отанына, Қазақстанға отбасылық жәдігерлерді іздеуде келеді. Үнді фильмдерінің ең үздік жанрларындағыдай, оны қаскүнем адамдар іздейді. Машина жарыстары, ат үстіндегі іс-қимылдарды біз Қазақстан жерінде үнді актерлерінің орындауында көреміз.
“Қазақстанда біз Шымбұлақта түсірдік, бізге көмектескені үшін Алматы әкімдігіне өте ризамыз. Метрода біз өте ұзақ түсірдік, тіпті С.Сейфуллиндегі жабық түрмеде де түсірілім болды. Алматының барлық әдемі жерлерінде түсірдік. Тағы да “Астана Операда” түсіргіміз келеді. Қазақстанның қуаты мен сұлулығын Болливуд арқылы көрсеткіміз келеді”,- деді “Карсак XXI ғасыр” кинокомпаниясының директоры Майра Қарсақбаева. Фильмнің түсірілімі әлі жалғасуда. Қазір басты кейіпкердің балалық шағын ойнайтын кішкентай қызды және ананың рөлін ойнайтын кейіпкерді іздеуде. Желілік продюсердің айтуынша, кастинг алдағы күндері өткізіледі.
“Хабардағы” жаңалықтар да сценарийге кірді, республикалық телеарнаның павильонында үнділік бизнесменмен сұхбат түсірілді. “Бізде теледидардағы сахна бар, біз оны Алматыда түсіргіміз келді. Бірақ бізге “Қазмедиада” түсіруге кеңес берді. Үндістанда, Үнді телеарналарында мұндай жабдықтар жоқ. Біз осы жерде сұхбат жүріп жатқан кезді түсіретінімізге қуаныштымыз. Болашақта біз сіздің елді үнді фильмдері үшін тағы бір тамаша локация ретінде ілгерілететін боламыз”, — деп атап өтті фильмнің продюсері Тхирунавукарасу Сивалингам.
Үндістан – әлемдегі ең ірі киноөндіруші, онда фильмдер 24 тілде түсіріледі, олардың негізгілері – хинди, тамиль және телугу. “Отты қанаттар” тамиль тілінде шығады. Продюсердің айтуынша, осы тілдегі кино индустрия қазір бәріне белгілі Болливудтың рейтингтерін асыруда. Қазақстанда түсірілген фильм осы жылдың маусым айында шығады, біздің республикамызда оның премьерасы қазақ субтитрлерімен өтеді.

29 Қазан 2020

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫ» «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ-ЫН 25 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

«Қазмедиа орталығы» «Хабар» Агенттігі» АҚ-ын 25 жылдығымен құттықтайды! Агенттік ұжымына көрермендер арасында танымалдылыққа қол жеткізуде жаңа жетістіктерді, барлық жоспарланған мақсаттарды…

7 Қазан 2020

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНДА» ТҰМАУ МЕН ЖРВИ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ТЕГІН ВАКЦИНАЦИЯЛАЙДЫ

Құрметті «Қазмедиа орталығы» Серіктестері мен қызметкерлері! Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйек күндері В.1.046 кеңсесінде «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметкерлері тұмау…

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі.
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін.

Қабылдауға жазылу үшін телефон

Бас директорға: +7 7172 75 79 07

Бас директордың орынбасарларына:: +7 7172 75 79 39
Обратная связь
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

«Сенім телефоны»

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі кеңесшісі

Лима Диас
+7 701 982 70 56

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің менеджері

Кушумова Аида Жомартовна
+7 775 118 85 90

Виртуалды 3D-тур

АШУ

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!