ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Киноөнер академиясы (New York Film Academy) өкілдерінің қатысуымен қазақстандық телеарналарға арналған бірегей семинар өткізді

«Қазмедиа орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен бірлесіп Нью-Йорк Киноөнер академиясы (New York Film Academy) өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік-саяси ток-шоу өндірісі» тақырыбында қазақстандық телеарналарға арналған бірегей семинар өткізді.

Семинар жаттықтырушылары болған халықаралық сарапшылар:

Билл Эйнрайнхофер – американдық Эмми телевизиялық сыйлығының үш дүркін иегері, ABC, CBS, CNN, Discovery, HBO және PBS, ірі хабар тарату және кабельдік желілерге арналған бағдарламаларды жасап шығарды. ABC (Австралия), CCTV (Қытай), Globo (Бразилия), NHK (Жапония), SMG (Қытай) және SVT (Швеция)-мен ынтымақтаса отырып, көптеген халықаралық бірлескен жобаларға қатысты.

Евгения Власова – тәжірибелі мультимедиялық журналист (MMJ), репортаждар шеберлігін, камераларды қою және редакциялауды үйретеді.
Бұған дейін Хабаровск қаласындағы 6TV-де көрсетілетін, “Тэффи” ресейлік Ұлттық телевизиялық сыйлығымен марапатталған таңертеңгілік бағдарламаның жүргізушісі және сопродюсері болды. 2017 жылы ол журналистиканың хабар тарату бөлімі қызметкері ретінде NYFA-ның оқытушы құрамына қосылды. Оның жеке деректі фильмі 200-ден астам американдық Қоғамдық телеарналарда көрсетілді.

Семинарда жаттықтырушылар әлеуметтік-саяси ток-шоу өндірісіндегі өзекті мәселелермен бөлісті. Барлық бағдарлама жобаның шығармашылық және техникалық міндеттерін іске асыру үшін қажетті білімі мен дағдысы бар көпбейінді маманды дайындауға бағытталған.

6 Тамыз 2020

13 ШІЛДЕ – ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 12:00 -де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды…

6 Тамыз 2020

АСТАНА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Астана күні құтты болсын, қымбатты достар! Сізге және жақындарыңызға мықты денсаулық тілейміз! Құрметпен, Қазмедиа командасы

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі.
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін.

Қабылдауға жазылу үшін телефон

Бас директорға: +7 7172 75 79 07

Бас директордың орынбасарларына:: +7 7172 75 79 39
Обратная связь

Виртуалды 3D-тур

АШУ