БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАР

       «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2020 жылғы ақпанда «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің мультиформатты дыбыс жазу студиясында Мемлекеттік филармония оркестрлерінің жазбасы жүргізілді. Бір апта ішінде 60-тан астам шығарма жазылды, олардың арасында Қорқыт, Асан Қайғы, Құрманғазы, Махамбет Өтемісұлы және Дина Нұрпейісова сынды композиторлардың 20 күйі бар. Бір уақытта 100 музыкалық аспап жазылды. Жоба қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауға бағытталған.

ҚАЗАҚ ОРКЕСТРІ

           Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК қазақ оркестрі 1998 жылы құрылды. Оркестрдің репертуары Қазақстанның халықтық, халықтық-кәсіби және академиялық музыкасын қамтиды. Концерттік бағдарламалардың басым бөлігін қазақ домбыра күйлері құрайды.

           Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер –Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

«ҚОРҚЫТ» ЭТНО АНСАМБЛІ

          «Қорқыт» этно-ансамблі 2015 жылдың қараша айында құрылды. Топтың көркемдік міндеттеріне Қазақстанның дәстүрлі музыкасын дәріптеу кіреді. Ұжымның бірегейлігі оның әрбір әртісі бір емес, бірнеше аспаптарға ие. Осындай әмбебаптылықтың арқасында «Қорқыт» халық музыкасын кез келген құраммен орындай алады. Топ музыканттары бірнеше аспапта ойнап қана қоймай, олардың көбі сирек тамақ ән айту техникасын меңгерген.

           2020 жылдың ақпан айында «Қорқыт» тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ концерт берген Қазақстан Гиннесінің рекордтар кітабына енді: этно-ансамбль 75 шығарманы үзіліссіз орындады.

           Топтың көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.

Азаматтарды қабылдау


"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мәселелері бойынша телефон және байланыс тұлғасы: Баймағамбетова Алмагүл
(Бас директордың көмекшісі)

+7 7172 75 79 07
Сұрақ қою
«Сенім телефоны»


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

"Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі

Джумурбаев Тимур Габдулович
+7 777 051 66 94

Электрондық мекен-жай
timdzhumurbayev@mail.ru

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің менеджері

Кушумова Аида Жомартовна
+7 775 118 85 90

Электрондық мекен-жай
adaldyqaqdm@qogam.gov.kz
Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!