ТЕЛЕОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

«Қазмедиа орталығының» жоғары деңгейлі техникалық жарақтандыруы оны Орталық Азия мен ТМД елдерінде ғана емес, барша әлемдегі ең озық телеорталықтар қатарында атауға мүмкіндік береді…»

Н.Ә. Назарбаев

       «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені өз жұмысын 2012 жылдың қыркүйек айынан бастады. Медиаконтенттің үздіксіз өндірісін қамтамасыз етуге және хабарды сапалы таратуға арналған инфрақұрылыммен жабдықталған 22 қабатты заманауи іскерлік технологиялық кешенде он телеарна мен үш радиостанция орналасқан, атап айтқанда: «Хабар», «Хабар 24», «KazakhTV», «Qazaqstan», «Qazsport», «Balapan», «Tamasha TV» «Евразия» бірінші телеарнасы, «Асыл Арна», «МИР» ХТРК арналары, сондай-ақ «Қазақ радиосы», «Shalqar» және «Астана» радиолары.

Біздің миссиямыз:

Медиахабарды тарату саласындағы жаңа технологиялармен жабдықталған технологиялық хаб құру. Қазақстан Республикасының халқын жоғары технологиялық телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісімен қамтамасыз ету.

Мүмкіндіктер:

  • әлемнің жетекші өндірушілерінің ең заманауи өндірістік және телекоммуникациялық жабдықтарды;
  • жетекші телерадиокомпаниялар мен жеке продакшн студияларына телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісін қамтамасыз ететін 400-ге жуық жоғары білікті мамандар;
  • 15 студиялық блоктар, оның ішінде: телебағдарламаларды өндіруге арналған 8 студия, жаңалық өндіретін 4 студия, 2 sky-студия, 1 виртуалды студия және 92 монтаждық аппаратхана;
  • теле- және радиоэфир хабарын тәулік бойы тарату;
  • 888 орындық киноконцерттік зал;
  • коворкинг зонасы;
  • кеңсе және коммерциялық жайлар.

Халықаралық серіктестік:

  • «Останкино» телевизиялық техникалық орталығымен серіктестік туралы меморандум жасалды;
  • 2012 жылдан бастап Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының (ABU) мүшесі.

 

«Қазмедиа орталығының» клиенттері:

  • мемлекеттік сектор өкілдіктері;
  • ұлттық компаниялар мен елшіліктер;
  • коммерциялық компаниялар;
  • продакшн-студиялар, продюсерлік орталықтар, event- және PR-агенттіктер;
  • қоғамдық бірлестіктер.

 

Сапа саласындағы саясат

Медианарықтың қазіргі жағдайы біздің Компаниямыздың даму логикасын анықтайды: кімде кім Клиенттің талабын түсініп, цифрлық хабар таратудың жоғары стандарттарына сүйене отырып бірінші болып қанағаттандыруға дайын болса, ол еліміздің осы салада көшбасшы орынды иеленіп қана қоймай, әлемдік телерадиокомпанияларға лайықты бәсекелес бола алады.

 

Біздің артықшылықтарымыз:

  • жоғары санатты еуропалық жабдықтар;
  • заманауи медианарықтың қажеттіліктерін білу;
  • әлемнің жетекші телерадиокомпанияларының тәжірибесін шығармашылықпен қолдану білу;
  • қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен зияткерлік әлеуеті;
  • тиімді маркетинг және PR-кампания;
  • нәтижелі бизнес-процестер;
  • инфрақұрылымды тиімді пайдалану;
  • көшбасшы болуға ұмтылыс.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Қазақстан

Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 4

Қабылдау бөлімі: 75 39 79 
Кеңсе: 75 39 79,  75 78 54
Ресепшн: 75 78 88
Сату бөлімі: 75 77 57
Біліктілікті арттыру орталығы: 75 78 79
Корпоративтік даму бөлімі: 75 77 04

Close Menu