БАҚ САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ – МЕДИАМЕКТЕП

mediaschool@kmo.kz

+7 7172 75 78 79

+7 7172 75 79 44

          Медиамектеп  – «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС жанындағы медиа саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша кәсіби алаң.
          Орталықтың миссиясы – білім беру бағдарламалары мен жобалар арқылы білікті медиа-қоғамдастықты қалыптастыру. 
          Орталық қызметінің міндеттері:
• медиабілімнен медиасауаттылыққа «Жаңаша медиа-ойлау» қалыптастыру үшін жағдай жасау; 
• медиа саласындағы сараптамалық пікірді анықтау және білікті қоғамдастықты құру; 
• медиа саласындағы халықаралық және отандық тәжірибемен алмасу және тарату; 
• одействие медиа саласындағы білім беру стандарттарын жақсартуға жәрдемдесу; 
• ұлттық сыйлықтар, конференциялар, көрмелер, шеберлік сыныптары, дәрістер, арнайы жобалар форматтарындағы ашық коммуникативтік алаңдарды құру және ұйымдастыру. 

          Орталық қызметінің бағыттары
•  Білім беру қызметтері  — АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру – қосымша кәсіби білім бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды, сондай-ақ сертификат беретін курс негізіндегі БАҚ саласындағы арнайы «авторлық) бағдарламаларды әзірлеу; кәсіби бағдарланған семинарлар, мастер-класстар, БАҚ қызметкерлерін кәсіби даярлау және қайта даярлау мақсатындағы тренингтер негізінде БАҚ саласындағы мамандандырылған (авторлық) бағдарламаларды әзірлеуді қамтиды; 
Халықаралық ынтымақтастық және коммуникация  — медиа және білім берудің түрлі саласындағы мемлекет қайраткерлерін, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандарды біріктіретін коммуникативті-мотивациялық алаңдар мен кәсіби желілік қоғамдастықтарды құру.
Салалық іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру.
• Media Talks – медиа саланың үздік сарапшыларының басын қосатын коммуникативті-мотивациялық алаң. Зияткерлік конференцияның миссиясы спикерлердің жинақталған кәсіби тәжірибесін тарату мақсатында БАҚ саласындағы бірегей идеялары мен «success story» таралуынан тұрады.
Медиалекторий – бұл лектордың жинақталған тәжірибесін тыңдарманмен алмасу мақсатындағы ашық коммуникативті-мотивациялық алаң. Жоба лекторлары: саяси қайраткерлер, медиаиндустрияның кәсіби мамандары, белгілі ғалымдар, жазушылар, публицистер, белсенді өмірлік ұстанымы бар жанашыр азаматтар. Медиалекторийдің негізгі міндеті: спикердің кәсіби тәжірибесін тарату, кәсіби бағдарланған/кәсіби қоғамдастықты құру және нығайту. 
«Дипломатиялық медиаклуб» –  бұл Қазақстан Республикасында бар дипломатиялық өкілдіктер мен олардың баспасөз қызметтерінің медиажобаларды іске асыру және ынтымақтастықты дамытуға арналған коммуникативтік алаң.

Close Menu