AMW апталығының алғашқы күні Контент-маркет көрмесінің ашылуынан басталды. Бұл - медиа-контентке тапсырыс берушілер, ірі телевизия және радиокомпаниялар мен продакш-студия, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар, ақпарат саласындағы авторлық жобалар, медиа-ойын-сауық, музыка және кино сияқты өндірістің жеке нарық өкілдері арасындағы диалог үшін тиімді алаң. Контент-маркет шеңберінде жабық кәсіби питчинг ұйымдастырылды. Оның барысында продакшн-студиялар продюсерлік телеарналарға өздерінің жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар жаңа телевизиялық бағдарламалар, интернет-жобалар мен өзге де медиаөнімдер туралы баяндады. Продюсерлер тарапынан зор қызығушылыққа ие болған бастамалар Қазақстанның медиакеңістігінде жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса, ықылас білдірушілер өз жобалары жайында ой бөліскен ашық питчинг те өтті. Сондай-ақ, бүгін «Болашақ ма
мандықтары» тақырыбын өткізілген MediaTalks конференциясы өз жұмысын аяқталды. Спикерлер ретінде танымал продюсерлер, актерлер мен журналистер сөйледі. Олар медиасферадағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, 21 ғасырда қандай дағдылар қажет екендігі жайында және таяу жылдары, жақын он жылда еңбек нарығында кімдер басым сұранысқа ие болатындығы турасында ой қозғап, заманауи технологиялардың қандай мүмкіндіктерге жол ашатындығы туралы пікірлерін ортаға салды. 28 қыркүйекке дейін жалғасатын Astana Media Week-2018 медиаапталығына 2000 қонақ пен қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның 60 топ менеджері, 15 республикалық телеарна мен 50-ден астам продакшн-компаниялар қатысуда. Аталған іс-шара шеңберінде заманауи медиа-нарықтарды дамытудың маңызды тақырыптары бойынша шеберлік сыныптары мен панельдік пікірталастар, аймақтық БАҚ форумы және шетелдік сарапшылардың қатысуымен Astana Digital Forum өтеді.