Astana Media Week медиаапталығының шымылдығын бүгін, яғни 26 қыркүйек Қазмедиаорталығында өткізіліп отырған контен-маркет іс-шарасы ашты. Айтулы көрмеге 15 телевизиялық компания, 50-ден астам продакш-студия және тағы да басқа медиа инстурияның ойыншылары қатысуда. Көрме барысында қатысушылар өз жобаларын ортаға салып, отандық медиа саланың өзекті мәселелерін талқылауда. Astana Media Week-2018 медиаапталығының ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазіргі Қазақстан қоғамындағы медианың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. «Сіздердің идеяларыңыз күн сайын ақпараттық ландшафты өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар саясаттан бастап қаржыға дейінгі, ауыл шаруашылығынан бастап спортқа дейінгі түрлі салалардағы үдерістерге күш беруде. Осының нәтижесінде өзекті мәселелерді кеңінен талқылау, нақты шешімдерді әзірлеу және әрі қарай жұмыс істеу механизмдері айтарлықтай артып келеді. Дәл осы мақсатты көздеген Astana Media Week апталығы өз алаңында журналистер мен мемлекеттік органдары өкілдерінің ғана емес, сондай-ақ PR-қоғамдастығы мен шетелдік мамандардың да басын қосып отыр », - дедіД.Абаев. Сонымен бірге, өткен жылғы Astana Media Week-2017 медиаапталығында респуб
ликалық телеарналардың көптеген жаңа әрі қызықты жобаларды ашқандығын атап өтті және кәсіби қоғамдастық үшін AMW дәстүрлі шараға айналатындығына сенім білдірді. Контент-маркет – медиа-контентке тапсырыс берушілер, ірі телевизия және радиокомпаниялар мен продакш-студия, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар, ақпарат саласындағы авторлық жобалар, медиа-ойын-сауық, музыка және кино сияқты өндірістің жеке нарық өкілдері арасындағы диалог үшін тиімді алаң. Бұдан бөлек, бүгін кәсіби мамандар телевизиялық, интернет және басқа да медиаөнімдердің жобаларын ұсынған кәсіби және ашық питчингтер өтуде. Сондай-ақ, медиаапталықтың қатысушылары «Болашақ мамандықтары» деп аталған бейресми MediaTalks конференциясында медиа индустрияның аса маңызды тақырыптарын талқылайтын болады. 28 қыркүйекке дейін жалғасатын Astana Media Week-2018 медиаапталығына 2000 қонақтар мен қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның 60 топ менеджері, 15 республикалық телеарна мен 50-ден астам продакшн-компаниялар қатысуда. Аталған іс-шара шеңберінде заманауи медиа-нарықтарды дамытудың маңызды тақырыптары бойынша шеберлік сыныптары мен панельдік пікірталастар, аймақтық БАҚ форумы және шетелдік сарапшылардың қатысуымен Astana Digital Forum өтеді