Азия медиа диалогы әлемнің 40 елінен 150 қатысушыны жинады.

Құрметті қонақтар арасында ABU Бас хатшысы Джавад Моттаги, Жерорта теңізі хабар тарату одағының Бас хатшысы Клаудио Каппон, Үндістан радиосының Бас директоры Фейяз Шехрияр, Румыния радиосының Бас директоры Георгика Северин, Бутан хабар тарату корпорациясының Бас директоры Шерин Ван Чук, Бангладеш Ұлттық бұқаралық коммуникациялар институтының Бас директоры Эмди Рафикуззаман, Индонезия радиосының Бас директоры Мұхаммед Роханудин, Мальдив риадосының Бас директоры Мохд Шакир, NHK, KBS, RAI, TRT, China Media Group жетекші әлемдік корпорацияларының, Еуропа хабар тарату одағының (EBU медиаменеджерлері болды.

Іс-шараның бірінші күні «Азия радиосы» конференциясы шеңберінде «Сіздің радиоңызды жаңадан құру», «Балалар мен жастарға арналған радио құру» шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік медиа өкілдерінің радио хабар таратуын дамыту саласында кездесуі өтті.

Іс-шараның екінші күні «Өзіміздің радио-аудиториямызды қаншалықты білеміз?», «Баршаға арналған бағдарламалар әзірлеу», «Ұлылықтың 50 сипаты – Сіздің радиоңызды жетілдіру бойынша 50 тармақ», «Болашақ осында және қазір» тақырыбында «Азия радиосы» конференциясының панельдік пікірталастары өтті.

11 шілдеде Ауғанстан, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Макао, Мальдив, Непал, Түркия, Түркіменстан, Вьетнамның жас орындаушылары қатысқан Азия радио ән фестивалі өтті. Қазақстан Республикасын жас орындаушылар Рүстем Жүгінісов пен Джордан Аракелян таныстырды.

12 шілдеде «Болашақты бағдарлау» ұранымен «Медиа-2020» конференциясы өтті. Конференция шеңберінде «Азия-еуропалық медиа диалог: Орталық Азия», «Әралуандық перспективалары», «Үлкен мәліметтер хайпы», «Айғақ жалғандыққа қарсы – шынайы жаңалыөтар қалай бәсекелеседі?», «Кеңістіктен әрі асып – болашақ жайлы ойлар» сесиялары өткізілді.

Азия медиа диалогының қорытындылары бойынша «Хабар» агенттігі» АҚ мен Макао ұлттық телерадиокорпорациясы арасында ынтымақтастыө жөніндегі меморандумға қол қойылды, «Қазақстан» РТРК» АҚ мен ABU арасында ынтымақстастық жөніндегі, «Қазақ радиолары» ЖШС және TRT, «Вьетнам үні» радиосы арасында контент алмасу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.