Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен Жүнісова Ләззат Олжабайқызы «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды.

Жүнісова Ләззат Олжабайқызы 1971 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бастаған.

2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі, 2004 жылы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры.

2010 жылдың 1 желтоқсанынан 2011 жылдың қарашасына дейін «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.

2011 жылдың қарашасынан 2018 жылдың мамырына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталған (2017).