2018 жылғы 5 мамырда «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК арасында Меморандумға қол қоюға арналған іс-шара өтеді.

Меморандумға қол қою «Қазмедиа орталығының» өз техникалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы тұрғындарды «Қазақконцерттің» жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етуді жобалайды. Сондай-ақ, «Қазмедиа орталығы» серіктеске еліміздегі жалғыз үлкен дыбыс жазу студиясын ұсынады. Өз кезегінде, «Қазақконцерт» әртістердің қызметін ұсынуға, костюмдерді және концерттік залды беруге дайын. «Қазақстан» Орталық концерт залы – алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған, әлемдік және отандық концерттерді, салтанатты іс-шаралар мен ресми кездесулерді, көрмелер мен конференцияларды өткізуге арналған ірі кешен. Осындай ерекше жоба ТМД мемлекеттерінің шеңберінде жоқ және бұл Қазақстан Республикасының маңызды архитектуралық құрылымдарының бірі болып табылады.

Сонымен бірге, осы күні 50 адамнан тұратын хор Меморандум шарттары бойынша үлкен дыбыс жазу студиясында алғашқы өлеңін жазады.

Үлкен дыбыс жазу студиясы Қазақстандағы жалғыз кәсіби дыбыс жазатын студия екенін айта кету керек. Студияға 140 адам сыйады және әлемдік стандарттарға сай келеді. Кәсіби студия өлең, камералық оркестр және дыбыстық сәлемдемелер жазу, ойындар мен аудиокітаптарды дыбыстау, фондық және синхрондық шуыл жасау, көпарналық дыбыстарға монтаж жасау, фильмдерге дубляж жасау сияқты қызметтер көрсетеді. Студия алдыңғы қатарлы жабдықтармен толықтай қамтылған.