ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мекемелердің ресми парақшаларын қалай оқылымды болатындығы туралы баспасөз қызметтеріне айтып берді

Astana Media Week аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының баспасөз қызметтері үшін семинарлар өткізілді.

Жыл сайынғы Astana Media Week медиаапталығы дәстүрлі түрде баспасөз қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізіп тұрады, себебі олардың жұмысынан көпшіліктің хабардарлығы, мекемелердің қол жетімділігі және берілген ақпараттың өзектілігі тәуелді болады. Бұл жолы ұйымдастырушылар баспасөз-хатшылары үшін пайдалы болатын түрлі бағыттарды қамтуды шешті.

«Akyl-kenes» журналының баспагері Дауржан Ауғамбай кәсіби тілші болмай тұра табысты журналды қалай шығаруға болатындығы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Ол арманының қалай пайда болып, жүзеге асырылғанын айтып, контент мазмұнын неғұрлым қызықты ету туралы кеңестер берді. «Ұрпақтарды байланыстыра» медиа топтамасын баспасөз қызметкерлері үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын Дамыту департаментінің директоры Жұлдыз Сүлейменова жүргізді.

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдіктерінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова БАҚ пен дипломатияның қалай үйлесімді өмір сүретіні туралы айтты. Ол аудиторияға әдетте ұстамды мәмілегерлер ашық пікірлес адамдар ретінде әрекет ететін сәтті жағдайларды ұсынды. Табысқа жету құпиялары мен мәліметтерді жарықтандыруға қатысты тәсілдерді қалай өзгертуге болатындығы туралы айтып берді. Қатысушыларды толғандыратын мәселелерді қызықты талқылаудан кейін спикер ең жақсы сұрақтарды таңдап, Қазақстан Республикасындағы ЕО брендтік сыйлықтарын ұсынды.

Назарбаев Университетінің Баспасөз бөлімінің жетекшісі Динара Құсайын өз баяндамасын «Қазақстан ғылымындағы медиа апталар күндері» тақырыбына арнады. Ол елде көптеген ғалымдар, соның ішінде өскелең ұрпақ  пен жастардың арасында көптігін айтып, алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтарына сирек қызығушылық танытатыны туралы қапаланды. Тыңдаушыларға ақпаратты тексерудің пайдалы құралдары көрсетіліп, сәтті жобалардың мысалдары келтірілді.

Сонымен қатар, танымал қазақстандық және шетелдік тілшілер де баяндама барысында сұрақтар қойып, белгілі бір жағдайлар туралы өз көзқарастарын ортаға салып, семинарға қонақ ретінде қатысты.

15 Қыркүйек 2021

6 миллионнан астам қазақстандық вакциналанған

6 миллионнан астам қазақстандық вакциналанған. 20.08.2021ж. деректері бойынша Қазақстан халқының 32,82% (6 276 224) вакцинаның бірінші компонентін алды және 25,82%…

14 Қыркүйек 2021

Сіздердің назарларыңызға “KazMediaPeople” жаңа айдарын ұсынамыз!

Сіздердің назарларыңызға “KazMediaPeople” жаңа айдарын ұсынамыз! ⠀ Шын мәнінде экрандағы әдемі бейне әр түрлі саладағы мамандардың еңбегі және табандылығы арқасында…

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Азаматтарды қабылдау


"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мәселелері бойынша телефон және байланыс тұлғасы: Баймағамбетова Алмагүл
(Бас директордың көмекшісі)

+7 7172 75 79 07
Сұрақ қою
«Сенім телефоны»


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

"Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі

Джумурбаев Тимур Габдулович
+7 777 051 66 94

Электрондық мекен-жай
timdzhumurbayev@mail.ru



Электрондық мекен-жай
adaldyqaqdm@qogam.gov.kz
Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!