2 Наурыз 2020
2020 жылғы 26 ақпанда «Қазмедиа орталығы» ЖШС мен Нұр-Сұлтан әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы арасында «Ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды.
Осы жылдың ақпан айынан бастап «Қазмедиа Орталығы» телерадиокешенінің көп форматты үлкен дыбыс жазу студиясында Нұр-Сұлтан Әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы оркестрінің дыбыс жазуы жүргізілді. Дыбыс жазу қорытындысы бойынша CD-дискілерде халық шығармаларының жинақтары шығарылады.
«2020 жылдың басында үлкен дыбыс жазу студиясы көп форматты медиа павильонға айналды, бұл студия теледидарлық бағдарламаларды түсіруге және үлкен аспаптық оркестрдің дыбысын жазуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Мәскеу филармониясымен ынтымақтастық аясында 1 аптада 40-тан астам шығарма жазылды, оның ішіндегі 20 күй Қорқыт, Асан Қайғы, Құрманғазы, Махамбет Өтемісұлы, Дина Нұрпейісова сияқты композиторлардың шығармалары. Сонымен қатар, филармония оркестрінің 100 аспабының дыбысы бір уақытта жазылды. Айдың аяғында «Қорқыт» музыкалық этно-ансамблінің орындауында тағы 75 туынды жазуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл жобаның халық музыкасын насихаттауға және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға ықпал ететініне сенеміз», – деді телерадиокешенінің Бас директоры Ләззат Жүнісова.
Қосымша ақпарат:
1997 жылы Ақмола облыстық филармониясының негізінде Нұр-Сұлтан Әкімдігінің Мемлекеттік Академиялық Филармониясы құрылды. Бүгінгі таңда Елордалық филармония 13 шығармашылық топ жұмыс істейтін қаладағы жетекші мекемелердің бірі болып табылады.
«Қорқыт» этно-ансамблі ұлттық рекордты 2020 жылы 17 ақпанда орнатты: музыканттар үзіліссіз 75 шығарманы, оның ішінде ұлттық және әлемдік шедеврлерді бірнеше сағат қатарынан жаттап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енгізілді.
2022 жылғы 29 маусымда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС комплаенс-офицері ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау…
2022 жылғы 28 маусымда жыл сайынғы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі «Қазмедиа орталығы» алаңында өтті. ⠀ Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең…
Ваше сообщение успешно отправлено.