«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық байқауы

Event

2023 жылдың 4 шілдесінде «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінде «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық байқауы өтеді.
Биылғы жылы телевизиялық жоба алғашқы шыққанына 7 жыл толады.

 

«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық байқауы алғаш рет 2017 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылды.

Сыйлық 12 номинация бойынша беріледі:
– Үздік ақпарттық бағдарлама
– Үздік әлеуметтік жоба
– Үздік журналистік зерттеу
– Үздік аналитикалық бағдарлама
– Үздік ток –шоу
– Үздік ойын-сауық бағдарламасы
– Үздік тележурналист
– Үздік тележүргізушісі
– Үздік спорт комментаторы
– Үздік аймақтық телеарна
– Үздік деректі фильм (Қамал Смайылова атындағы арнайы премия)
– Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия)

Жеңімпаздардың есімдері іс-шарада белгілі болады. Әсем мүсін-тұмардан басқа, жеңімпаздар қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін 1 000 000 млн теңге алады.