ҒИМАРАТҚА КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 191 қаулысына сәйкес, “Қазмедиа орталығы” телерадиокешені стратегиялық объект болып табылады, ҚР ІІМ Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы күзетеді.

Өткізілетін іс-шаралар (көрмелер, концерттер, брифингтер, баспасөз конференциялар және т. б.) қауіпсіздігін “Қазмедиа орталығының” Режимді бақылау қызметі қамтамасыз етеді.

ҚР ІІМ Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ережесіне сәйкес террористік шабуылдар мен деструктивті элементтердің енуін алдын алу мақсатында стратегиялық маңызы бар нысанға кіру келушілерді міндетті түрде тіркеу, жеке заттарын қарап тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, телерадиокешенге кіру ережесімен танысуларыңызды сұраймыз.

Келушілер:

  • Жеке басын куәландыратын құжат болуға;
  • Іс-шараларға келген кезде арнайы тексерістен өту уақытын ескере отырып ертерек келуге;
  • Ғимаратқа кірген кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тексерістен өтуге;
  • Қоғамдық тәртіпті және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға;
  • Көрермендер мен қатысушыларға, қызмет көрсететін персоналға, жауапты тұлғаларға құрметпен қарауға, қоршаған адамдарға қауіп төндіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
  • Ғимарат әкімшілігінің, Режимді бақылау қызметінің мен құқық қорғау органдарының заңды өкімдерін орындауға;
  • Ғимарат әкімшілігі, Режимді бақылау қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне іс-шараға кіруге рұқсат беретін билет, шақыру билеті немесе өзге құжатты (тіркелу) көрсетуге және билетте немесе оны алмастыратын құжатта көрсетілген орынға өтуге;
  • Ғимарат әкімшілігіне, Режимді бақылау қызметіне және құқық қорғау органдарына күмәнді заттар табылған жағдайда және түтіндену немесе өрт жағдайларында дереу хабарлауға.
  • Эвакуация туралы ақпарат алынғаннан кейін әкімшіліктің, Режимді бақылау қызметінің және ішкі істер органдарының нұсқауларына сәйкес тыныштықты сақтай отырып және дүрбелең тудырмай әрекет етуге міндетті.

Тыйым салынады:

  • Қару, өртке қауіпті, жарылғыш, улы, пиротехникалық заттарды, үшкір және кесетін заттарды, арнайы рұқсатнамаларсыз ірі габаритті түйіншектер мен сөмкелерді, шыны ыдыстарды және өзге де басқа келушілерге, сондай-ақ ғимараттың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін заттарды әкелуге;
  • Іс-шараларға жануарлармен келуге;
  • Темекі шегуге арналған арнайы жабдықталған орындардан тыс темекі шегуге;
  • Ғимаратқа алкогольдік және нашақорлық масаю күйінде келуге, спирттік сусындарды әкелуге және ішуге, психотроптық және есірткі заттарды қолдануға;
  • Көлік тұрағын қолдануға;
  • Көлікті тұрағына тек рұқсаттама базасына мемлекеттік автонөмірлерді енгізілген рұқсатнама болған кезде ғана кіруге рұқсат етіледі;
  • Ережелерді сақтамаған келушілер іс-шаралардан кетіріледі, ал заңға қайшы әрекеттер жасалса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Түсіністікпен қарайтыныңызға үміттенеміз және сізге «Қазмедиа орталығына» жағымды сапар тілейміз!

Азаматтарды қабылдау


"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мәселелері бойынша телефон және байланыс тұлғасы: Дүйсебаева Балжан Мұхтарқызы
(Бас директордың көмекшісі)

+7 7172 75 79 07
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі StopFake