13 Мамыр 2021
2021 жылдың 30 сәуірінде «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметкерлері арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға 13 адам қатысты, олар белгілі авторлардың шығармаларын өлеңдер мен прозаларда, сондай-ақ өздерінің авторлық туындыларын оқыды. Өлеңдер үш тілде оқылды: қазақ, орыс және ағылшын.
Қатысушылар байқауға жауапкершілікпен қарады: фондық бейне, фото, музыкалық сүйемелдеу дайындап, театр костюмдерін қолданды.
Қазылар алқасына үздіктерді анықтау оңай болған жоқ, бірақ талқылау нәтижесінде серіктестіктің келесі қызметкерлеріне жүлделі орындар берілді:
1 орын – «Қарттар үйі» авторлық өлеңімен Инжест инженері Сәрсембай Анар»;
2 орын – Мұқағали Мақатаевтың «Шәмілге хат» өлеңімен продакшн-инженер Сәтбаев Ардагер;
3 орын − Софья Новопаловскаяның «Не все нам будет 85» өлеңімен Корпоративтік даму бөлімінің бастығы Аманбекова Ләззат.
«Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпазын анықтау үшін қызметкерлер арасында дауыс беру өткізілді, оның қорытындысы бойынша тең дауыс санымен 2 жеңімпаз анықталды: Офистік жабдықтау бойынша жүйетехнигі Бакрамбек Бақытжан және АСБ дыбыс инженері Таңат Еркебұлан.
Байқаудың барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және серіктестік өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Шығармашылық табыс, бар жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
2022 жылғы 29 маусымда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС комплаенс-офицері ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау…
2022 жылғы 28 маусымда жыл сайынғы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі «Қазмедиа орталығы» алаңында өтті. ⠀ Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең…
Ваше сообщение успешно отправлено.