5 Тамыз 2021
«Қазмедиа орталығы» қызметкерлерінің Кәсіби одағының қолдауымен Серіктестік қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлерді спортпен тұрақты айналысуға тарту болатын. Кез келген компания үшін қызметкердің жемісті еңбегі ғана емес, оның жұмыстан тыс дамуы да маңызды.
Турнирге 20 адам қатысты, қатысушылардың жас мөлшері 20-дан 56 жасқа дейін болды.
Жүлделі орындар келесі қызметкерлерге берілді:
1 орын – Молдамұрат Айбек, Технологиялық бөлікті басқару және сүйемелдеу бөлімінің автоматтандыру жүйесінің инженері;
2 орын – Төлеуов Мағжан, Студиялық қамтамасыз ету бөлімінің аға жарық берушісі;
3 орын – Бадел Ерасыл, Студиялық қамтамасыз ету бөлімінің Жарық берушісі;
Сонымен қатар турнирлік кестеде 4 орын алғаны үшін ынталандыру жүлдесін КХТ және коммутация бөлімінің көпарналы хабар таратудың инженері Ақышев Әділхан иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Серіктестік өміріне белсенді қатысқаны үшін қатысушарға алғыс білдіреміз, және спорттық бастамаларында жетістіктер тілейміз!
2022 жылғы 29 маусымда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС комплаенс-офицері ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау…
2022 жылғы 28 маусымда жыл сайынғы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі «Қазмедиа орталығы» алаңында өтті. ⠀ Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең…
Ваше сообщение успешно отправлено.