11 Қараша 2021
2021 жылдың 11 қарашасында сағат 12:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында оқу мақсатында өрт дабылы іске қосылды. Қызметкерлерді эвакуациялау қысқа мерзімде, келенсіз оқиғасыз және үрей білінбей өтті.
Іс-шараның мақсаты – сигнал алу кезінде дағдыларды пысықтау, адамдарды ғимараттан уақтылы және дұрыс эвакуациялауды ұйымдастыру, құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
Оқу дабылы кезінде өрт туындаған жағдайда медиаорталық ғимаратының барлық бөлмелерінен эвакуациялау жоспары бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Өрт дабылы іске қосылғаннан кейін санаулы минуттарда барлық қызметкерлер эвакуация жоспарына сәйкес ұйымшылдықпен және дүрбелеңсіз ғимараттан шықты.
«Қазмедиа орталығының» барлық серіктестері мен қызметкерлеріне адамдарды ғимараттан эвакуациялау процесіне түсіністікпен, байыпты көзқараспен қарағаны үшін алғыс айтамыз.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы…
Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,…
Ваше сообщение успешно отправлено.