11 January 2020
«Қазмедиа орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен бірлесіп Нью-Йорк Киноөнер академиясы (New York Film Academy) өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік-саяси ток-шоу өндірісі» тақырыбында қазақстандық телеарналарға арналған бірегей семинар өткізді.
⠀
Семинар жаттықтырушылары болған халықаралық сарапшылар:
⠀
Билл Эйнрайнхофер – американдық Эмми телевизиялық сыйлығының үш дүркін иегері, ABC, CBS, CNN, Discovery, HBO және PBS, ірі хабар тарату және кабельдік желілерге арналған бағдарламаларды жасап шығарды. ABC (Австралия), CCTV (Қытай), Globo (Бразилия), NHK (Жапония), SMG (Қытай) және SVT (Швеция)-мен ынтымақтаса отырып, көптеген халықаралық бірлескен жобаларға қатысты.
⠀
Евгения Власова – тәжірибелі мультимедиялық журналист (MMJ), репортаждар шеберлігін, камераларды қою және редакциялауды үйретеді.
Бұған дейін Хабаровск қаласындағы 6TV-де көрсетілетін, “Тэффи” ресейлік Ұлттық телевизиялық сыйлығымен марапатталған таңертеңгілік бағдарламаның жүргізушісі және сопродюсері болды. 2017 жылы ол журналистиканың хабар тарату бөлімі қызметкері ретінде NYFA-ның оқытушы құрамына қосылды. Оның жеке деректі фильмі 200-ден астам американдық Қоғамдық телеарналарда көрсетілді.
⠀
Семинарда жаттықтырушылар әлеуметтік-саяси ток-шоу өндірісіндегі өзекті мәселелермен бөлісті. Барлық бағдарлама жобаның шығармашылық және техникалық міндеттерін іске асыру үшін қажетті білімі мен дағдысы бар көпбейінді маманды дайындауға бағытталған.
2022 жылғы 29 маусымда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС комплаенс-офицері ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау…
2022 жылғы 28 маусымда жыл сайынғы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі «Қазмедиа орталығы» алаңында өтті. ⠀ Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең…
Ваше сообщение успешно отправлено.