16 January 2020
2020 жылдың 15 қаңтарында “Қазмедиа орталығында” “Батыр бол!” әлеуметтік жарнама мектебі” әлеуметтік жобасы аясында кеңейтілген экскурсия өтті. Жобаның 26 қатысушысы жаңалықтар және бағдарламалық студияларға барып, медиа-ортаға енді. Білім беру курсына қатысушылар – мүмкіндіктері шектеулі аймақтық жастар. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Ұлттық Дельфийлік комитетінің шағын грантын жүзеге асыру аясында Нұр-сұлтан қаласында өткізілуде.
Жобаның мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған, ерекше қажеттіліктері бар жастарды оқыту арқылы әлеуметтік жарнама өндірушілердің өңірлік желісін дамыту болып табылады. Медиа-жоба түрлі әлеуметтік топтардың қарым-қатынасы мен өзара іс-қимылы саласындағы әлеуметтік проблемаларға, экология, білім беру, әлеуметтік желілер мен медиаканалдар арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жұмыс пен демалыс мәселелеріне назар аударуға бағытталған.
Елордада Болашақ медиаторлар әлеуметтік жарнама жасау және оны БАҚ пен интернетте ілгерілету жолдарын оқып, жарнамалық бейнеконтент жасаудың әдістерімен және құралдарымен танысады.
Әлеуметтік жарнама мектебінің жұмысы барысында мүгедектер проблемаларына қоғамдық назар аудару үшін қазіргі заманғы медиа-құралдарды пайдаланатын медиа-мамандар желісі құрылатын болады.
2022 жылғы 29 маусымда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС комплаенс-офицері ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау…
2022 жылғы 28 маусымда жыл сайынғы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі «Қазмедиа орталығы» алаңында өтті. ⠀ Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең…
Ваше сообщение успешно отправлено.