ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақпараттық қызметтердің жұмысы жалғасуда

Қымбатты әріптестер!
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені штаттық режимде жұмыс жасайтынын хабарлаймыз. Ақпараттық қызметтердің жұмысы жалғасуда.

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында орналасқан телеарнаның 2 қызметкерінде коронавирус табылды. Олар қазір стационарда. Телеарнаның жұмысы қатаң эпидемияға қарсы режимге көшірілді.
Бүгін, 21 мамырда Ұлттық сараптама орталығы жұқтырған қызметкерлердің қозғалу бағдары бойынша барлық жайларды өңдеді.

Алдағы уақытта жұқтырған әріптестермен қатынаста болған тұлғалардан бастап, барлық тұлғаларды тестілеу өткізіледі.⠀

Ағымдағы жылдың наурызында «Қазмедиа орталығында» қолданған шаралар одан әрі әрекет етеді, оның ішіне келесі кіреді:
1. Кіреберістерде аяқ-киімді дезинфекциялауға арналған құрамында хлор ерітіндісі бар кілемшелер төселді;⠀
2. Кіретін адамдардың дене температурасын өлшеу жүргізіледі;⠀
3. Кіреберістерде антисептикалық құралдары бар ыдыстар орнатылған;⠀
4. Ғимаратқа кірген кезде қызметкерлер маскалар және медициналық қолғаптар киюге міндетті;⠀
5. Кіреберіс есіктердің тұтқаларын, кіреберістердегі турникеттерді, лифт тұтқаларын, лифттерді шақыру батырмаларын дезинфекциялық өңдеу үнемі жүргізіледі;⠀
6. Ғимараттың оңтүстік кіреберісі уақытша жабық («Нұржол» желекжолы жағынан).

ТЖ кезінде жұмыс істеген әріптестер қолданған шараларға үйреніп кетті.

Оған қоса жағдайды ескере отырып, «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің әкімшілігі ғимаратта орналасқан ұйымдарға төменде көрсетілген шараларды қолдануға кеңес береді:⠀

1. Жұмыскерлерді қашықтан жұмыс жасауға көшіру;⠀
2. Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдармен қамтамасыз ету;⠀
3. Жұмыс орындарында жұмыскерлерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызуды қамтамасыз ету;⠀

Абай болыңыздар!

Сізге деген қамқорлықпен,⠀
“Қазмедиа” командасы.

15 Қазан 2021

2021 жылғы 27 және 28 қыркүйекте жыл сайынғы «Astana Media Week-2021» іс-шарасы өтті

AMW-2021 – ең өміршең идеялар, авангардтық шешімдер, прогрессивті пікірлер талқыланатын бесінші жыл сайынғы оқиға. Алғашқы жылдары «Astana Media Week» офлайн…

15 Қазан 2021

Қазақ радиосына-100 жыл!

1921 жылдан бастап радио тыңдаушылардың жүрегінде ерекше орын алып, ұлттың өзіндік дыбысына айналды. «Қазмедиа Орталығы» шын жүректен «ЖШС «Қазақ Радиолары»…

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Азаматтарды қабылдау


"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мәселелері бойынша телефон және байланыс тұлғасы: Баймағамбетова Алмагүл
(Бас директордың көмекшісі)

+7 7172 75 79 07
Сұрақ қою
«Сенім телефоны»


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

"Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі

Джумурбаев Тимур Габдулович
+7 777 051 66 94

Электрондық мекен-жай
timdzhumurbayev@mail.ru



Электрондық мекен-жай
adaldyqaqdm@qogam.gov.kz
Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!