ЖАҢАЛЫҚТАР

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Абылай хан монументі бой көтереді

Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг орталығында ұлы даланың билеушілерінің бірі, көреген саясаткер Абылай ханға жаңа ескерткіш салу жұмыстарына байланысты баспасөз мәслихатты өтті.
Баспасөз мәслихатына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Д.МЫҢБАЙ, “ORDA-INVEST” корпорациясының төрағасы Ш.ТАЛИПОВ, қоғам қайраткері А.ШОРАЕВ қатысты.
Тарихта аты алтын әріптермен жазылған Абылай ханның ерлігі мен ел басқару ерекшелігін кеңінен насихаттау, халықтың рухын көтеру, ұлы тұлғаның келбетін жас ұрпақтың санасына сіңіру қазіргі қоғамның міндеті.
Осы ретте 2019 жылдың аяғында Арман Төлегенұлы Абылай хан монументін салу бастамасын көтерген болатын. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев өз кезегінде бұл бастаманы құп көріп, қолдау білдірді. Кешенді мемлекеттік бюджеттің қаржысына емес, қарапайым халықтың қолдауымен салу көзделіп отыр.Абылай хан монументі Ақмола облысы, Бурабай курортты аймағындағы Кенесары ауылында салынатын болып келісілді.
Кешен “Абылай Хан” монументі деп аталады, биіктігі 54 метр. Абылай ханның тақта отырған келбеті суреттеледі. Ханның асатяғына жедел саты орнатылады, келушілер сол арқылы 20 қабаттық биіктікке көтеріліп айналаны тамашалай алады.
Сондай – ақ, кешен құрамында қазақ халқының хандық дәуірін суреттейтін мұражай, кітапхана, демалушыларға қажетті әлеуметтік нысандар ұйымдастырылатын болады. Бұл халықтық жоба, сол үшін де бастамашы топ жалпы халықты осы жобаға үлес қосуға шақырады.
Баспасөз мәслихатында аталған жобаны іске асыратын сәулетші, дизайнер, суретші, инженер, құрылысшы мамандар арасында халықаралық ашық конкурс жарияланды. Яғни, Абылай хан кешенінің сызбалық нұсқасын жасауға әлемнің кезкелген елінен үміткерлер қатыса алады.
Конкурс 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Ағымдағы жылдың 7 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайында комиссия құрамы конкурсқа келіп түскен үздік 5 жобаны анықтайды.
Ұйымдастырушылардың қаржыландыруымен іріктелген 5 жобаның сызбалық нұсқасы жасалады. Үздік 5 макеттің арасынан сәулеті мен тиімділігі жоғары саналған автордың жұмысы комиссия құрамымен мақұлданады.
Ұйымдастырушылар Хан Абылайдың монументі арқылы Қазақстанның тарихында қалуға ниетті сала мамандарын конкурсқа белсенді қатысуға шақырды.

7 Маусым 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІМЕН!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен! Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

7 Маусым 2021

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ҚОРҒАУ КҮНІМЕН!

Құрметті “Қазмедиа орталығы” ЖШС серіктестері мен қызметкерлері Сізді халықаралық балалар қорғау күнімен құттықтаймыз!  

БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Азаматтарды қабылдау


"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мәселелері бойынша телефон және байланыс тұлғасы: Баймағамбетова Алмагүл
(Бас директордың көмекшісі)

+7 7172 75 79 07
Сұрақ қою
«Сенім телефоны»


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

"Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі

Джумурбаев Тимур Габдулович
+7 777 051 66 94

Электрондық мекен-жай
timdzhumurbayev@mail.ru



Электрондық мекен-жай
adaldyqaqdm@qogam.gov.kz
Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!