1972 жылы 10 қарашада Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары, 1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар тарихы факультетін бітірген.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, редактор, жаңалықтар, жастар бағдарламаларының жүргізушісі, сонымен қатар, «Таңшолпан» бағдарламасының басты жүргізушісі. «Қазақстан» телевизиясы мен радиосының коммерциялық қызметтерінде қызмет етіп, НТК телеарнасының қазақ тіліндегі тікелей эфирлердегі редакторының орынбасары болған.

«Әйелдер тележурналы» авторлық бағдарламасының жүргізушісі. «Гала ТВ» студиясында қызмет етіп, «Хабар» арнасының «Халық банкінің уақыты» бағдарламасының редакторы болған. «ОРТ-Қазақстан» арнасының документалды жобаларының жетекшісі және «Мұра» бағдарламасының жүргізушісі болған. «Хабар» телеарнасының арнайы жобаларының тележүргізушісі, редактор, журналист.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тележүргізушісі, журналист, «Таңшолпан», «Сенбілік таң» таңғы ойын-сауық бағдарламалары шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.