1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Музыка мектебін бітірген соң, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика мамандығын 1997 жылы тәмамдады.

18 жасында шығармашылық жолын алғашқы отандық коммерциялық радиостанцияның жүргізушісі болып бастады. Телевизияның тікелей эфиріне 2009 жылы «Хабар» телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі ретінде шықты. Бүгінде «24 KZ» телеарнасында «Интервью» бағдарламасын жүргізеді.