Құрметті сайт қонақтары!

         «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Сізге біздің ресми сайтта қош келдіңіз дей отырып, жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейді! Астананың орталығында орналасқан «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің кеңістігі жылына 365 күн, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы шығармашылық үшін ашық. 22 қабатты телеорталық ғимараты медиаконтентті үздіксіз өндірудің толық циклін қамтамасыз ету және Қазақстан аумағына ұлттық медиа хабарларды сапалы тарату үшін арнайы жабдықталған.

Бұл 15 бірегей аппараттық-студиялық блоктар, оның ішінде Астананың панорамалы көрінісі бар Sky-студия, виртуалды студия, көп функциялы киноконцерт залы, жайлы үлкен көрме холдары, коворкинг аймағы, дыбыс жазу студиялары.

«Қазмедиа орталығында» он телеарна және үш радиостанция орналасқан, атап айтқанда: «Хабар», «Хабар 24», «KazakhTV», «Qazaqstan», «Qazsport», «Balapan», «Tamasha TV» «Евразия» бірінші телеарнасы, «Асыл Арна», «МИР» ХТРК арналары, сондай-ақ «Қазақ радиосы», «Shalqar» және «Астана» радиолары.

Біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз және одан әрі даму үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу үстінде жүреміз. Сізді біздің ресми сайтта көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз.

«Қазмедиа орталығының» басшылығы

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Қазақстан

Астана қ., Қонаев көш., 4

Қабылдау бөлімі: 75 39 79 
Кеңсе: 75 39 79,  75 78 54
Ресепшн: 75 78 88
Сату бөлімі: 75 77 57
Біліктілікті арттыру орталығы: 75 78 79
Корпоративтік даму бөлімі: 75 77 04

Close Menu