ПРАВИЛА ПОСЕЩЕНИЯ "ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫ"

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 3 сәуіріндегі №191 Үкімет Каулысына сәйкес "Қазмедиа орталығы" стратегиялық нысан болып саналады және Астана ІІМ МКҚБ күзетіледі.

Өткізіліп жатқан іс-шаралардың қауіпсіздігін (көрме, концерттер, брифинг, пресс-конференциялар) "Қазмедиа орталығының" ішкі қауіпсіздік қызметі қамтамасыз етеді.

Астана ІІМ МКҚБ ережесі бойынша, террористік шабуылдармен деструктивтік элементтердің енуінің алдын-алу үшін, стратегиялық маңызы бар нысанға кіру келушілерді міндетті түрде тіркеумен, жеке заттарын қарап, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Осыған байланысты "Қазмедиа орталығына" кіру ережелерімен танысуды сұраймыз.

Келушілер міндетті:

  • Өздерімен бірге жеке куәлігі алып жүруге.
  • Өткізілетін іс-шараларға уақытынан ерте келуге.
  • Құқық қорғау қызметкерлкерінен арнайы тексерістен өтуге.
  • Қоғамдық тәртіпті және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормалары сақтауға.
  • Басқа көрермендерге және қатысушыларға,қызмет көрсететін қызметкерлерге, тәртіпті сақтауға жауапты тұлғаларға құрметпен қарауға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге.
  • Ғимарат әкімшілігінің, ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің және құқық қорғау органдарының заңды өкімдерін орындауға.
  • Ғимарат әкімшілігінің өкілдеріне, ғимараттың ішкі қауіпсіздік қызметінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шақыру билеті немесе іс-шараға өту үшін берелетін құжаттарды көрсетуге және билеттерде көрсетілген орынға отыруға.
  • Күмәнді нәрселер табылған мен түтіндеген заттар пайда болған жағдайда дереу ғимарат әкімшілігіне, ішкі қауіпсіздік және құқық қорғау органдарына хабарлауға.
  • Эвакуация туралы ақпарат алынған жағдай ғимарат әкімшілігінің, ішкі қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері нұсқауларына сәйкес әрекет етуге, құқық тәртібін, тыныштықты сақтауға, дүрбелең туғызбауға.

Тыйым салынады:

  • Қару, өртке қауіпті, жарылғыш, улы, пиротехникалық, үшкір және кесетін заттарды, ірі габаритті түйіншектер мен сөмкелер арнайы рұқсаттамалар, шыны ыдыстарды және келушілерге, сондай-ақ қалыпты ғимараттың жұмыс іс кедергі келтіретін заттар алып кіруге.
  • Іс-шараларға жануарлармен өтуге.
  • Темекіні арнайы жабдықталмаған орынға шегуге.
  • Ғимаратқа алкогольдік және нашақорлық масаю қүйінде кіруге, спирттік ішімдіктер мен психотроптық және есірткі заттар әкелуге және ішуге.

Көлік тұрағын пайдалану

Көлік тұрағына кіру мемлекеттік автономер базасына енгізу арқылы рұқсат қағазбен жузеге асады.

Мінез-құлық ережелерін сақтамаған келушілер іс-шарадан кетіріледі, сонымен қатар, құқыққа бұзушылық орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз "Қазмедиа орталығы"!

kazmedia

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ


kazmedia

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Қазақстан,

Астана, Д. Қонаев к., 4

Қабылдау бөлме: +7 (7172) 55 39 39

Кеңсе: +7 (7172) 55 32 54, 55 31 99

Ресепшн: +7 (7172) 55 38 88

Сату бөлімі: +7 (7172) 55 35 25

Медиамектеп: +7 (7172) 55 16 89

Резюме жіберетін: hr@kmo.kz