ТЕЛЕОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

«Қазмедиа орталығы» – Қазақстандағы барлық ұлттық медиа хабар таратуының сапалы болуына жауапты жалғыз технологиялық алаң. Телерадио өндірісін оңтайландыру мен жаңғырту мақсатында құрылған орталық. «Қазмедиа орталығының» басты құзіреті - студиялармен қамтамасыз ету, құрылғылар мен техникалық қызметкерлермен сүйемелдеу, бейне және аудио материалдарды басқа форматтарға ауыстыру және хабар таратушыларға сигнал жіберу болып табылады.

Бүгін «Қазмедиа орталығында» еліміздің негізгі 8 телеарнасы мен 3 радиосы орналасты, атап айтсақ: «Хабар» Агенттігі» АҚ («Хабар», «24 KZ», «KazakhTV» телеарналары), «Қазақстан» РТРК («Қазақстан», «Балапан», «KazSport» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары), «Еуразия» Бірінші арнасы, «МИР» ТРК.

Миссия:

Жоғары технологиялы ұлттық телерадио өндірісін қамтамасыз ету.

Мақсаттар:

  • Экономикалық тиімділік қамтамасыз ету;
  • Технологиялық жабдықталу мен инфрақұрылымның заманауи жағдайын жоғары деңгейге жеткізу;
  • Клиенттер қанағаттанушылығын күшейту;
  • Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейіне жету.

Мүмкіндіктер:

  • жетекші әлемдік өндірушілердің ең озық заманауи өндірістік және телекоммуникациялық жабдықтар;
  • жетекші телерадиокомпаниялар мен жекеменшік продакшндарға арналған телевизиялық және радио бағдарламалар дайындауға арналған 400-ге жуық жоғары білікті мамандар;
  • 14 студия: телебағдарламалар түсірілімдеріне арналған 4 жаңалықтар, 2 сериалдық студиялар, 2 sky-студия, 1 виртуалды, 1 кіші продакшн-студия, 4 үлкен продакшн-павильондар және 92 монтаждық аппараттықтар;
  • телеэфирдегі тәулік бойы хабар тарату.

Халықаралық серіктестік:

  • «Останкино» телевизиялық техникалық орталығымен серіктестік туралы меморандум бекітілді;
  • ресейлік tvkinoradio.ru ақпараттық-техникалық порталымен серіктестік;
  • 2012 жылдың 14 желтоқсанынан бастап Азия-Тынық мұхиттық Хабар тарату Одағының (ABU) толық құқықты мүшесі.

Қазмедиа клиенттері:

  • мемлекеттік сектор өкілдері;
  • ұлттық компаниялар мен елшіліктер;
  • коммерциялық компаниялар;
  • продакшн-студиялар, продюсерлік орталықтар, event- және PR-агенттіктер;
  • қоғамдық бірлестіктер.

kazmedia

ОҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ


kazmedia

КЕРІ БАЙЛАНЫС

Қазақстан,

Астана, Д. Қонаев к., 4

Қабылдау бөлме: +7 (7172) 55 39 39

Кеңсе: +7 (7172) 55 32 54, 55 31 99

Ресепшн: +7 (7172) 55 38 88

Сату бөлімі: +7 (7172) 55 35 25

Медиамектеп: +7 (7172) 55 16 89

Резюме жіберетін: hr@kmo.kz