«Қазмедиа орталығы» ТРК технологиялық инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу»

МЖӘ жоспарланатын жоба туралы қызығушылықты бiлдiру сұранысы

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС, 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің» 12-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын даярлаудың басталғаны туралы хабарлайды, сондай-ақ ықтимал жекеше әріптестерді «Қазмедиа орталығы» ТРК технологиялық инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу» жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырады.

Жобаның атауы:«Қазмедиа орталығы» ТРК технологиялық инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық сүйемелдеу».

МЖӘ объектісі: «Қазмедиа орталығы» ТРК, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 мекен жайында орналасқан.

Жобаның іске асыру аясы (саласы): Жоба телерадио хабарларды тарату саласында іске асырылады.

Жобаның құны: жоспарланатын құны 15 млрд. теңге.

МЖӘ жобасының іске асырылу кезеңі: 2018 жыл.

Жобаның мәртебесі: Жобаның тұжырымдамасы әзірлеу барысында.

Жобаның мақсаты

«Қазмедиа орталығы» телерадио кешені – бұл радио телевизия эфирлі хабар таратудағы автоматтандырылған технологиялық үдерiстердің толық циклін жүзеге асыратын бірден-бір және өте күрделi технологиялық кешен.

Қазмедиа орталығы контент өндіруші мен хабар таратушыларға мақсатталған теледидарлы-техникалық қызметтердің толық тізімін, осылайша әртүрлі теле бағдарламалардың сапалы түрде студиялық өндірілуін, 6 жуық телеарналар мен 3 радиостанциялардың эфирге шығаруын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жалға беру саласында және өз аймағындағы студиялық пен кеңселік жайларына пайдаланушылық-шаруашылық қызмет көрсетеді. Қазмедиа орталығы көрсететін қызметтері – телерадиоөндірістің маңызды құрамдас бөлігі, сондықтан жетекші отандық телеарналар мен радиостанциялардың телеэфирін көлемді және сапалы толтыру осы қызметтердің сапалы және нәтижелі көрсетілуіне байланысты, және ақыр аяғында осы арналардың рейтингтеріне, жарнама берушіден қаржылық қорларын тарту бойынша олардың ықтимал мүмкіншілігіне әсерін тигізеді.

«Қазмедиа орталығы» телерадио кешені 2010 жылы жобаланып, бар жабдықтар 2011 жылы орнатылып, 2012 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта келесі негізгі себептерге байланысты бірқатар технологиялық жүйелерді жаңарту қажеттілігі және ғимарат тiршiлiк қамтамасыз ету жүйелер пайда болды:

  • жабдықтың табиғи тозуы;
  • жедел және ұзақ мерзімді қойма көлемінiң жетiспеушiлiгi;
  • сапалы, бәсекеге қабiлеттi өнімдерін өндiруде нарықтың ағымдағы және перспективалық қажеттiктерiн қамтамасыз ету;
  • инновациялық технологиялардың дамуы;
  • «Қазмедиа орталығы» көрсететін қызметтерге сұраныстың артуы;
  • мемлекеттiк телерадиоарналардың технологиялық негiзінің бұзылуға тұрақтылығының жетiлдiрілуi.

Жобаның сипаттамасы

Технологиялық жабдықты жаңарту бойынша жаңғыртудың жоспары келесідей негізгі кешендерді қамтиды:

  • аппараттық-студиялық кешен;
  • көпарналы хабар тарату кешені;
  • коммутация орталығы;
  • спутниктік телепорт;
  • киноконцерттік кешен;
  • радио хабар тарату кешені;
  • өндiруші, басқарушы, хабар таратушы және контенттi жеткiзуші автоматтандырылған жүйелердің кешені;
  • деректер қоймасы;
  • жергілікті есептеу желісі.

Жаңғырту жобасы ғимараттың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің жаңартылуын қамтиды:

  • энергиямен қамтамасыз ету жүйесі;
  • салқындату және желдету жүйесi;
  • бейне бақылау жүйесі;
  • корпоративтік АТС жүйесі.

Күтілетін іс-шаралар

Жоба шегінде келесідей іс-шаралар қарастырылады:

  • аппараттық-студиялық кешен: аппараттық-студиялық кешендерді сатып алу және жете жарақтандыру, студияларды қосымша жабдықтармен – камералармен, телескоптық крандармен, штативтермен, арбамен, арна қалыптастырғыш жабдығымен, дыбыс жабдығымен, жарық беру аспаптарымен жасақтау;
  • көпарналы хабар тарату кешені: кешеннің негізгі коммутациялық матрицасын резервтеу және хабар таратудың жаңа стандарттарына бірқалыпты көшу;
  • коммутация орталығы: 4G желілері арқылы дабылды қабылдау-беру үшін құрал-жабдықтармен жете жарақтандыру; негізгі қосымшалардың аппараттық-бағдарламалық бөлігін жаңарту (БЖ-ға лицензия алу); синхронды импульстті қалыптастырудағы негізгі технологиялық түйіндерді жаңарту;
  • спутниктік телепорт: спутниктік телепортты моторландырылған антеннамен жарақтандыру;
  • киноконцерттік кешен: конференц-залды 40 абонент үшін сымсыз микрофондармен жарақтандыру; түсірілім құрал-жабдықтарын сатып алу және жабдықтау (камералармен, камералық арналармен, штативтармен); жарық беру жабдықтарын сатып алу, ілгіш жарық басқару жүйесін қоса алғанда; сахна фонын жаңарту және ысырылмалы перде конструкцияларын ауыстыру;
  • радио хабар тарату кешені: хабар тарату серверлерін, автоматтандырылған хабар тарату жүйесінің жүйелік қызмет үшін серверді; деректерді сақтау жүйесін жаңарту; жиынтығында консольді басқару процессорлары, микрофондарды басқару панелі, мульти студиялық VoIP телефон жүйесі, дыбыстық процессорлар мен эфирлік студияларға арналған хабар таратқыш станциялары бар сандық микшерлік консольдарды жаңарту; журналисттердің жұмыс орындары үшін жаңа тұрақты компьютерлер (мониторлар) сатып алу; арна қалыптастырғыш жабдығының жиынтығын, апаттық коммутаторды және қосымша радио хабар таратқыш жабдықтарды сатып алу.
  • өндiруші, басқарушы, хабар таратушы және контенттi жеткiзуші автоматтандырылған жүйелердің кешені: жүйелердi жаңарту, негiзгi серiктестерге контенттi дайындау мен хабар тарату қосымша мүмкiншiлiктердiң беруi;
  • деректер қоймасы: жедел қойманың пайдалы көлемін 1,3 ПБ дейін арттыру;
  • жергілікті есептеу желісі: технологиялық және кеңселік ЖЕЖ желiлiк сапалық және физикалық ескiрген жабдықтарын ауыстыру;
  • ғимараттың тіршілік ету жүйесі: техникалық блоктың серверлiк жайларының температуралық құбылымын оңтайлы қолдау және жұмыскерлердiң жайлы көңiл-күйін қамтамасыз ететiн технологиялық кешеннің үздiксiз энергиямен қамтамасыз етілуі, салқындату және желдету жүйесi, бейнебақылау жүйесiн жаңарту, корпоративтік АТС жүйесін жаңарту және жаңа функционалды қосу.

Болжамды нәтижелер

Нәтижесі, «Қазмедиа орталығы» технологиялық негізінің жұмыс қабілеттілігін қолдау болып табылады, атап айтқанда:

  • жаңалықтар мен бағдарламаларды өндіретін жүйелердің өнімділігі мен тұрақтылығын (сенімділігін) арттыру;
  • деректердің қауіпсіздігін (ақпараттық қауіпсіздік) қамтамасыз ету және телеарналардың өндірістік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық, жаналықтар, мұрағаттық кешенінің жедел медиа деректерінің қоймасының көлемін 1,3 ПБ дейін арттыру;
  • ұзақ мерзімді медиа деректерінің қоймасының көлемінарттыру;
  • эфирлік графикалық безендіру станцияларын 100 пайызды резервтеу;
  • берілетін графикалық безендірудің сапасын арттыру;
  • монтажды аппарат бөлмелерінің функционалды мүмкіндіктерін және өндірістілігін арттыру үшін шешімдерді енгізу;
  • жергілікті есептеу желісінің толық резервіленуін қамтамасыз ету;
  • медиялық ақпараттың бүтіндігінің сақталуын қамтамасыз ету;
  • техникалық ақауларды, тоқтауларды және апаттардың санын азайту;
  • бұзылуға тұрақтылықтың, ақпараттық қауiпсiздiктің қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ету және технологиялық пен кеңселік желiсiнің жүктемесінiң оптимизациясы;
  • технологиялық жабдықтың сенiмдi тұрақталған қорегiн қамтамасыз ету, техникалық жайларда тұрақты температуралық құбылымды сүйемелдеу.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, МЖӘ жобасының Тұжырымдамасын әзірлеуге қатысу үшін қарастырып және өз ұсыныстарыңызды еңгізуіңізді сұраймыз.

Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Байланыс деректері:

Исакова Багила Абылжановна – Бас директордың орынбасары – Техникалық директор; Мадраимов Галим Ерланович – Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС (телефон: 55-31-77, 55-39-77, 55-35-98, электронды мекенжай: priemnaya@kmo.kz).