Бүгін Қазмедиа орталығы басшылығының қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған кішігірм іс-шара өтті. Мереке қарсаңында 1 қабатта қонақтар арнайы дайындалған бауырсақтардан және Наурыз көжеден дәм татты.

Наурыз – бұл түркі және парсы халықтарының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. Наурыз – қазақша жыл басы. Наурыз қазақтардың ұлт мейрамы.

Біз Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен шың жүректен құттықтаймыз. Мейрам баршаңызға құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт əкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!