Жылдың ең басты медиа оқиғасы – «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жаңа маусымы басталды. Биыл 14 номинация болмақ. 2018 жылғы «Тұмардың» ерекшелігі – онда жеке номинациялар болады. Сол номинацияларда жеке телевизиялық жобалар аталып өтеді: «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік операторлық жұмыс», «Жылдың үздік тележүргізушісі» және «Жылдың үздік журналисі».

2018 жылы «Тұмар» отандық телевидениенің торқалы жылында өткізілмек. Осыған орай «Телевидениенің 60 жылдығы» ерекше номинациясы тапсырылатын болады.

Сонымен қатар біз биыл айтулы оқиға – астананы көшірудің 20 жылдығын атап өтеміз. Астана туралы үздік жобаға арналған ерекше жүлде жарияланды.

Бәйгеге қатысуға 2017 жылы эфирге шыққан айрықша телевизиялық жобалар жіберіледі. Ұлттық және өңірлік телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контент өндіретін медиа индустрияның басқа ұйымдары Бәйгенің қатысушылары бола алады. Ол үшін өтінім толтырып, конкурстық жобалар мен жұмыстардың бейнесін https://kaztube.kz порталында 2018 жылғы 1 наурызға дейін (қоса алғанда) орналастыру керек. Номинант берілген материалдардың заңдық құқықтары үшін жауапкершілікті толықтай өз мойнына алады. Номинант туралы ақпарат өтінім толтыру барысындағы қолданылған орфографиямен және пунктуациямен жарияланатын болады.

Бәйгенің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қолдауымен «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС. 

Барлық ақпарат http://tumar.kz ресми сайында.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/TumarTVPremiya/,

https://www.instagram.com/tvprtumar/, https://www.vk.com/tvprtumar

Конкурстық өтінімдерді қабылдау https://kaztube.kz/ порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы комитеттің байланыс телефондары: 8/7172/ 553 986, 553 684