Киноконцерттік залда 2017 жылдың қорытындыларын жүргізу бойынша Қазмедиа орталығы ұжымының салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында Бас директор Мирболат Аюповқа құттықтау сөз беріліп, қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттау рəсімі болды. Сонымен қатар оның аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Биыл Қазмедиа орталығында "Хабар 24" роботтандырылған жаңалықтар студиясы ашылды, "Cinegy" автоматтандыру жүйесі іске қосылды, киноконцерттік зал жетілдірілді.
Қазмедиа орталығының Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ұлттық телекөпірді ұйымдастыруға қосқан үлесін, сонымен қатар EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде эфирді техникалық сүйемелдеу бойынша қызу жұмысын айта кеткен орынды.
Компания жетістіктерінің бірі осы жылы Қазмедиа орталығы Бас директорының "Телевидениенің, радио хабар таратудың және онымен байланысты технологиялардың дамуына қосқан жеке үлесі үшін" номинациясында Владимир Зворыкин атындағы сыйлығын иеленуі болды.
Келесі жылы да маңызды оқиғаларға толы болмақ.