Медиа-аптаны аша отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев былай деді: «Біздің апта дәстүрлі оқиғаға айналатынына, жыл сайын тек қана Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар барлық өңіріміздің журналистері, медиа холдингтері, БАҚ және салалық министрліктері арасында тығыз серіктестік байланыстар құруда маңызды рөл ойнайтынына сенеміз. Стратегиялық тұрғыдан біз осы керемет «Қазмедиа орталығы» ғимаратының негізінде орташа мерзімді перспективада өңірлік медиа-хаб құруды мақсат тұтамыз».

awm_2017_2.jpg

Медиа-аптаға ұйымдастырылған 10 іс-шараның шеңберінде 2000-нан астам қатысушылар мен 103 спикер жиналды.

Медиа-апта аясында 2017 жылғы 4 қазанда медиа саласының қатысушылары үшін «Контент-маркет» көрмесі өтті. Іс-шараға 25 республикалық және аймақтық телеарна, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса продакшн-компаниялар қатысты. Жаңа телебағдарламаларды, реалити-шоуларды, мультфильмдерді, көркем және деректі фильмдерді ұсыну үшін питчинг ұйымдастырылды. Онда продакшн-студиялар инвесторлар мен сатып алушыларды табу мақсатында өздерінің эксклюзивті бейне контенттерін ұсынды.

awm_2017_3.jpg

Қазақстандық БАҚ, кино- және продакшн-студиялардан басқа «Контент-маркетке» құрметті қонақтар ретінде 7 шетелдік делегация келді.

Сонымен бірге медиа-аптаның бірінші күнінде Media Talks талқылау алаңының жұмысы өтті. Онда 7 спикер бейресми қалыпта өздерінің жетістіктерінің хиқаясы туралы айтып, кәсіби құпияларымен саланың қалыптасқан және жаңа бастап жүрген жұмыскерлерімен бөлісті.

2017 жылғы 5 қазанда ASTANA DIGITAL FORUM өтті. Халықаралық конференцияға 23 спикер әрі саланың 300-дей өкілі жиналды.

2017 жылғы 5 және 6 қазанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «Бас редакторлар клубы» ҚҚ, «Ел-шежіре» ҚҚ аймақтық БАҚ өкілдері үшін 8 семинар және тренинг ұйымдастырды.

awm_2017_4.jpg

2017 жылғы 6 қазанда «Аймақтық БАҚ форумы» өтті. Онда медиа саласының беделді сарапшылары медиа-контент сапасын көтеру мәселелерін, сонымен қатар БАҚ саласындағы заңнаманы талқылады. «Аймақтық БАҚ форумының» жұмысына барлығы 20-дан астам белгілі спикер мен еліміздің түкпір-түкпірінен 400 журналист қатысты.

Сонымен бірге 6 қазанда ең үздік баспасөз қызметін марапаттау рәсімі өтті.